Орталық сайлау комиссиясы сағат 8:15-тегі жағдай бойынша өңірлердегі және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы сайлау комиссияларының дерегін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша ел аумағында 10 033 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кірісті. Шетелдегі 51 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты жоспарланған сағатта кіріседі. Осылайша, дауыс беру барлығы 10 050 сайлау усачкесінде өткізіліп жатыр», деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман брифингте.
Дауыс беру барысы жайлы ендігі ақпараттар сағат 10:00-де ОСК-де өтетін брифингте жарияланады.